Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ILCoin жобасы жаңа буындағы блокчейнді құрды

Опубликовано:

Сандық валюталар сегментінде сандық қауіпсіздікке барлық заманауи талаптарға толықтай жауап беретін инновациялық шешім пайда болды.

ILCoin жобасы жаңа буындағы блокчейнді құрды

Өз артықшылықтарына қарамастан, көптеген хаттамалар хакерлік шабуылдарға ұшырағыш болғандықтан блокчейн әзірше жаппай қолданудан алыс. Қорғалудың төмен деңгейі оларды маңызды қолдану үшін жарамсыз етеді.

Көптеген реттеуіштер, соның ішіндегі Қазақстанда да, сандық автивтерге дәл жоғары осалдық себебі бойынша біржақты қарайды.

ILCoin әзірлеушілері командасы жаңа буындағы - С2Р бәтуаластығына негізделген түбегейлі жаңа буындағы блокчейнді құра алды. Оның көмегімен саланың даму жолындағы негізгі мәселелерді жоюға болады: масштабталулық, транзакцияларды өңдеу жылдамдығы мен қауіпсіздік.

Барлық заманауи блокчейндердің негізінде үш негізгі бәтуаластық жатыр - PoW, PoS және DPoS. Алайда олардың ешбірі 51% шабуылдардан және қосарлы ақша жұмсаудан сақтандырылмаған.

"Қазіргі нарықтағы қолжетімді шешімдер, жұмыс істемейді. Біз егер тіпті екі ең ірі жүйелер - Ethereum және Bitcoin назар аударатын болсақ - бәрібір олар үшін хакерлік шабуылдар қауіп төндірмейді деп сенімділікпен айтуға болмайды" - деп түсінік берді жобаның атқарушы директоры Норберт Гоффа.

2019 жылдың ақпанында пайда болған С2Р бәтуаластығы өзінің бірегей қасиеттерінің арқасында саланың дамуы үшін қуатты қозғау болуы мүмкін.

ILCoin командасы сонымен бірге блокчейн саласында тағы бір жетістікке қол жеткізді - олар блоктың мөлшерін 25 мегабайтқа дейін арттыра алды, осылайша көптеген жобалар ұшырасатын масштабталулық мәселесін шешті.

ILCoin блокчейні биткоин балама және басқа да көптеген криптовалюталар секілді SHA-256 алгоритміне негізделген, бірақ блоктың 25 МБ мөлшері блок үшін 170,000 транзакцияны жүргізуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде криптовалютаның пионері - биткоиндағы 370,000 салыстыру бойынша бір күнде 15 миллион транзакцияларды өңдеуге мүмкіндік береді.

Блок мөлшерінің ұлғаюы DDoS-шабуылдар қаупінің арттыруына қарамастан, ILCoin әзірлеушілері олардың блокчейны толықтай қауіпсіз деп сендіруде.

"Біздің блокчейнді сенімді қорғау үшін біз бастапқы кодты толықтай қайта жасадық. Біздің бәтуаластық бізге ILCoin блокчейнінің қауіпсіздігін озық деңгейге дейін арттыруға және ең қорғалған криптовалюта етуге мүмкіндік берді", - деп атап өтті Гоффа мырза.

С2Р бәтуаластығының негізінде блоктың өзін, сонымен бірге онда жазылған деректерді де сәйкестікке тексеруге және қайта тексеруге мүмкіндік беретін қағидатты жаңа үш деңгейлі құрылым жатыр.

Одан басқа, егер қолданушы өз әмиянына қолжетімділікті жоғалтса, ILCoin блокчейнінің құрылымы қаражат құралын бұғаттауға және олардың ұрлануын болдырмауға мүмкіндік береді.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792026-ilcoin-zobasy-zaa-buyndagy-blokcejndi-krdy/

pixel