RU
Шымкенттік оқушы бірден 20 шетелдік университетке шақырту алған
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік оқушы бірден 20 шетелдік университетке шақырту алған

Рассказать Вконтакте

Шымкенттің Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Франция, Аустралия, Канада, АҚШ, Корея және Швейцария мемлекеттерінің 20 университетінен шақырту алған деп хабарлайды білім ордасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шымкент оқушысы 20 шетелдік университетке шақырту алған

Фото:fmsh.nis.edu.kz

Сымбат Кушерова түрлі республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, "Алтын белгі" үміткері. Сондай-ақ 2015-2016 оқу жылының "Үздік жыл оқушысы" атанған.

Сымбат болашағын бизнес және экономика саласымен байланыстыруды жоспарлағанымен, әлі нақты таңдау жасамаған.

"Шынымды айтсам, бала кезгі арманым сәулетші болу еді. Алайда 2016 жылы жазда мен бір ай бойы АҚШ-нда "Робототехника және Менеджмент" атты арнайы оқу курсына қатыстым. Дәл осы жерде экономика саласына деген қызығушылығымның бар екендігін түсіндім.
Содан бері осы бағытта терең зерттеумен айналысып келемін. Негізі менің анам да экономист. Сол себепті де осы саланы таңдаған шығармын", - деді Сымбат.

Шетелдіктердің шақыртуына НЗМ түлегі әлі жауап бермеген. Бірақ, ол Бостондағы "Hult International Business School" оқу орнын таңдасам деп отыр.

Шымкент оқушысы 20 шетелдік университетке шақырту алған

Фото:fmsh.nis.edu.kz

Үздік университеттерден шақырту алған бойжеткен сынақтың "SAT Reasoning" кезеңінде 1600 ұпайдың 1580-не қол жеткізген. Ал IELTS көрсеткішінде тоғыз ұпайдың 7,5-сін жинаған.

Сонымен қатар, Сымбат Кушерова Назарбаев университетінің NUFYP арнайы тестілеуінен жоғары ұпай жинап, аталмыш университеттің "Direct Admission" бағдарламасы бойынша тегін білім алу мүмкіндігіне ие болып отыр.

"Әрине кез келген оқушы шет елде білім алуды армандайды. Мен де солардың бірі едім. Талпыныс пен зор еңбектің арқасында, міне, мақсатыма жетіп отырмын. Шетелдік оқытушылар ата-анама хабарласып, сүйінші жаңалықты жеткізді.
Тіпті, Бостондағы ЖОО-ның ректоры әкеме хат жазып, өзінің өтінішін білдірді. Мәтінде мені шет мемлекетке оқуға жіберу туралы және әкемді үш қыздың әкесі ретінде түсінетіндігі жайлы жазды", - деді Сымбат Кушерова.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel