RU
Қазақстан Республикасы президенттігі үміткерлеріне арналған ақпараттық хабарландыру
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан Республикасы президенттігі үміткерлеріне арналған ақпараттық хабарландыру

Рассказать Вконтакте

2019 жылдың 9-маусымында өтетін Қазақстан Республикасы президенттігі үміткерлеріне «Internet Portal Nur» ЖШС («Нұр Интернет порталы») "Nur.kz" сайтындағы интернет-алаңдарды ұсынудың жалпы шарттары.

"Internet Portal Nur" ЖШС ("Нұр Интернет порталы") - Сайт иесі «Nur.kz» (бұдан әрі – Сайт), Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 28.09.1995 жылдан бастап «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» бабы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 09 сәуірдегі № 18 Жарлығымен тағайындалған 2019 жылғы 09 маусымдағы кезектен тыс сайлауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлерді кезектен тыс сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі-үгіт материалдары) сайтта орналастыру үшін Интернет – алаңдарды берудің құны мен шарттары, тәртібі туралы ақпараттандырады.

Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Осыған орай, үгіт материалдарын Сайтта орналастыру 2019 жылы 11-мамыр сағат 18.00-ден кейін 2019 жылы 8-маусым сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Сайт Интернет-алаңды жазбаша өтініш және сайт иесі мен үміткер немесе оның уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде ұсынады.

Үгіт материалдардың саны мен орналасу мерзімі үміткердің немесе оның өкілінің жазбаша өтінішінде жазылып, кейіннен келісім-шартта тіркеледі.

Өтініш үміткерлердің өтініштерін тіркеу журналында кезек тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру және өтініштің келіп түскен күні арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса берілуі керек:

1) үміткердің тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) үміткер өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) келісім-шартқа отыру үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;

Үміткерлердің үгіт материалдарын сайтта орналастыру кезегін жазбаша өтініштердің түсу тәртібі арқылы немесе өтініш бір мезгілде түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді.

Үгіт материалдар сайтқа орналастыру күніне дейін 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын, хабарландыру форматында беріледі.

Стандартты баннерлер 

1. Геометриялық өлшемі пикселдерге тең болуы керек:

980x200/ 728x90/ 728x200/300x250 px. 

2. Баннер (*.gif, *.png, *.jpeg) графикалық файл немесе HTML5 түрінде жасалуы мүмкін.

3. Графикалық файлдардың максималды салмағы - 50 Кб, ал HTML5 үшін – 150 Кб болуы шарт.

Interscroller

1. Геометриялық өлшемі - 300x500 px. Файлдың максималды көлемі – 150 Кб.

2. Баннер (*.png, *.jpeg) графикалық файл түрінде жаслауы мүмкін.

Floor Ad 

1. Геометриялық өлшемі пикселдерге тең болуы керек:

1000x90/ 728x90/ 728x200 px. 

2. Баннер (*.gif, *.png, *.jpeg) графикалық файл немесе HTML5 түрінде орындалуы мүмкін.

Floor Ad mobile

1. Геометриялық өлшемі пикселдерге тең болуы керек: 320x50 px. 

2. Баннер (*.gif, *.png, *.jpeg) графикалық файл түрінде жасалуы мүмкін.

Созылу (растяжка)

1. Геометрилық өлшемі 1000x90 px-ге тең болуы керек.

2. Баннер (*.gif, *.png, *.jpeg) графикалық файл түрінде орындалуы мүмкін.

Баннерлі жарнамаға қатысты жалпы талаптар мен HTML5-ке қатысты техникалық талаптар https://corp.nur.kz/requirements интернет-парақшасында толығырақ жазылған.

Мақала – Мәтіні бар Word-файл + ұзындығы белгіленбеген, ені 900 рх-тан кем емес көлденең 5 фото. (бестен көп емес)

NUR.KZ редакциясы тақырыбына, лидіне немесе мақала мәтініне өз қалауынша түзетулер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

Мақаланың тақырыбы мен лиді NUR.KZ жүйесіне сай болуы керек (7-8 сөзден көп емес)

NUR.KZ жаңалықтар бөліміндегі мақала анонсын орналастыру позициясы: «Топ-жаңалықтар» - 4 немесе 5 орын; «Қазақстан және әлем жаңалықтары» - 5, 6 немесе 7 орын; айдарларда – 4 немесе 5 орын болып тіркеледі.

Мақала анонсы басты бетке бір тәулік ішінде таңғы 9:00-ден келесі күннің 9:00-не дейін орналасады. Материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда, жоғалған орналастыру уақыты өтелмейді.

*Бір жұмыс күн бұрын орындарды алдын ала брондау қажет.

*Баннерлік жарнаманы орналастыру үшін бос трафиктің бар-жоғын алдын ала анықтап алу қажет.

Үгіт материалдары қаржыландыру көздері туралы жалпы ақпаратты және ақпарат берген адамның тегін қамтуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған үміткерлер мәтін мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін жауап береді.

Сайт иесі үгіт материалдары конститутция құрылысын күштеп өзгерту идеясын қолданса, оның тұтастығын бұзса, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтірсе, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздырса, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас исе, заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары болса, сондай-ақ оларда Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің ар-ожданына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда оны орналастырудан бас тартуға құқылы.

Үміткер сайт иесінің талабы бойынша жоғарыда көрсетілген сипаттағы материалдардың ішіндегі ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Ақпараттық хаттағы Интернет-ауданынын ұсыну тәртібі мен шарты Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талабына сәйкес өзгерістертілуі мүмкін.

Сайтта үгіт материалдарын жариялау құны:

Баннерлі жарнама (Динамика, бағалары 1000 қаралым үшін көрсетілген)

980x200 px + 300x250 px – 1240 тг. (desktop+mobile), ҚКС-ты есептегенде

728x200 px + 300x250 px – 955 тг. (desktop+mobile), ҚКС-ты есептегенде

728x90 px + 300x250 px – 765 тг. (desktop+mobile), ҚКС-ты есептегенде

Floor Ad (desktop) – 1905 тг., ҚКС-ты есептегенде

Floor Ad (mobile) – 2 380 тг., ҚКС-ты есептегенде

Статика:

Растяжка 1000x90 px

Аптасына 1/4 трафик - 285 600 тг., ҚКС-ты есептегенде

Тәулігіне 1/4 трафик - 40 800 тг., ҚКС-ты есептегенде

Комментарийдегі 250x350 px шығу:

1/4 трафика в неделю – 142 800 тг. (desktop), с учетом НДС

1/4 трафика в сутки – 20 400 тг. (desktop), с учетом НДС

Мобильді жарнама

Сайттың мобилді нұсқасында: (бағасы 1000 қаралым үшін көрсетілген)

300x250 px (бірінші орын) – ҚКС-ты есептегенде 380 тг.

Interscroller – ҚКС-ты есептегенде 2010 тг.

Топ-жаңалықтар тізіміндегі ТГБ

Тәулігіне 1/2 трафик – ҚКС-ты есептегенде 47 600 тг.

Қазақстан және әлем жаңалықтары тізіміндегі анонс

Тәулігіне 1/2 трафик -  ҚКС-ты есептегенде 38 080 тг.

Android қосымшасында: (бағасы 1000 қаралым үшін көрсетілген)

Infeed (native) – 400 тг., ҚКС-ты есептегенде

Intext_1 (300x250 px) – 400 тг., ҚКС-ты есептегенде

Intext_2 (300x250 px) – 380 тг., ҚКС-ты есептегенде

Gallery (320x250 px) – 575 тг., ҚКС-ты есептегенде

Sticky (320x50 px) – 575 тг., ҚКС-ты есептегенде

Interswitch (320x480 px) – 1905 тг., ҚКС-ты есептегенде

Сайттың орыстілді нұсқасына материалдарды орналастыру:

1) «Топ-жаңалықтар» айдарындағы мақала – ҚКС-ты есептегенде 856 800 тг. 3 000 таңба, 5 фотоға дейін.

2) «Қазақстан және әлем жаңалықтары» - ҚКС-ты есептегенде 600 000 тг. 3 000 таңба, 5 фотоға дейін.

3) Тақырыптық айдардағы мақала (Қоғам, Калейдоскоп, Баспасөз хабарламасы және т.б.) – ҚКС-ты есептегенде 238 000 тг. 3 000 таңба, 5 фотоға дейін.

4) Мақала жазу – ҚКС-ты есептегенде 67 200 тг.

5) Мақаланы сайттың қазақ тілді нұсқасына шығару – 30 пайыз үстеме.

Сайттың қазақтілді нұсқасына материалдарды орналастыру:

1) «Топ-жаңалықтар» айдарындағы мақала – ҚКС-ты есептегенде 285 600 тг. 3 000 таңба, 5 фотоға дейін.

2) «Қазақстан және әлем жаңалықтары» - ҚКС-ты есептегенде 180 880 тг. 3 000 таңба, 5 фотоға дейін.

3) Тақырыптық айдардағы мақала (Қоғам, Калейдоскоп, Баспасөз хабарламасы және т.б.) – ҚКС-ты есептегенде 95 200 тг. 3 000 таңба, 5 фотоға дейін.

*Барлық мақалалардың анонсы Nur.kz интернет алаңының басты бетінде орналасады.

Сайтта үгіт материалдарын орналастыру үшін жасалған келісім-шарт бойынша төлем сайт иесі ұсынған төлем шоты негізінде шот қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жазбаша өтініштер Сайттың меншік иесінен демалыс және мереке күндерін есептемегенде 2019 жылдың 6-мамырынан 2019 жылдың 6-мауысымына дейін Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов к-сі 280 мекен-жайында, таңғы 10 сағат 00 минуттан кешкі 18 сағат 00 минутқа дейін қабылданады.

Жазбаша өтініштер факс түрінде және ғаламтор-байланыс арқылы қабылданбайды.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel