RU
71 жастағы анасымен биді жандырған Айгүл Иманбаеваға ел сүйсінді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

71 жастағы анасымен биді жандырған Айгүл Иманбаеваға ел сүйсінді

Рассказать Вконтакте

71 жастағы анасымен жарыса билеген Айгүл Иманбаева елдің сүйіспеншілігіне бөленді. Қызы мен анасының жарасымды биін көрген көпшілік оларға пікірді қарша боратқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары жетпістен асса да әлі күш-қуатын жоғалтпаған Айгүл Иманбаеваның анасына риза болған.

"Өте керемет", "Сіздің кімге ұқсап биші болғаныңыз түсінікті болды", "Қандай жарасымды", "Анаңыз бар сіз бақыттысыз, Айгүл ханым".
"Анаңыз қартаймасын. Осы қайраты қайтпасын", "Өмір жасы ұзақ болсын", "Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды" деген осы шығар", "Аналардың қуанғанына, қуантқанға не жетсін?".
"100 жасасын", "Күшті билейді екен", "Сізден қалысар емес", "Ақ жаулықты анаңыз аман болсын", "Анаңызды ылғи құрметтеп, көтермелеп жүретініңізге риза боламын", "Анаңызбен биіңіз жарасып-ақ тұр" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Иманбаева үнемі өзіндік биімен ерекшеленіп жүреді. Актриса соңғы рет Азамат Сатыбалдымен мейрамхана ортасында жұлқына билегені үшін жұрттан сөз естіген болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
4
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel