RU
Париждегі наразылық шарасы кезінде орыс журналисті таяқ жеп қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Париждегі наразылық шарасы кезінде орыс журналисті таяқ жеп қалды

Рассказать Вконтакте

Парижде бірінші мамырда өткен шеру кезінде РИА Новостидің тілшісі Виктория Ивановаға полицейлер таяғы тиген деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Париждегі наразылық шарасы кезінде орыс журналисті таяқ жеп қалды

Фото:svoboda.org

Агенттіктің мәліметінше, Виктория Иванова Франция астанасында өтіп жатқан бірінші мамыр күнгі манифесттер жайлы хабар таратумен айналысқан.

Ол наразылық шарасының ортасында жүріп, оқиғаны ұялы телефонына түсіріп жүрген. Тәртіп бұзушыларды таратуға тырысқан тәртіп сақшылары адамдарды жаппай соққыға жыға бастаған.

Тілшінің қолында "Баспасөз" деген жазуы бар таңғыш және басында сондай жазуы бар каска болғанына қарамастан, полицейлер оны ұрған.

Соққылардың басым бөлігі басы мен қол тұсына тиген.

"Мені ерікті дәрігерлер шетке алып кетіп, көмек қажет пе деп сұрады. Басымда каска болғаны ауыр жарақаттардан сақтап қалды, ал қолым әлі ауырып тұр", - дейді Виктория.

Тілші ауруханаға жеткізілген. Оның қолы ісіп кеткен.

Дәрігерлер Виктория Ивановаға ми шайқалуы және қол жарақаты диагнозын қойған.

Ресей СІМ Франция үкіметінен оқиғаның тергелуін талап етті. ЕҚЫҰ-ғы ресейдің тұрақты өкілі ұйымның БАҚ бостандығы мәселесі жөніндегі өкілі Арлем Дезирден осы жайтқа қатысты шара қолдануды өтінді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel