RU
Төреғали Төреәлі өз қуанышында анасы мен әкесіне тосын сый жасады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төреғали Төреәлі өз қуанышында анасы мен әкесіне тосын сый жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Ұлының бесік тойы мен қызының тұсаукесерін қатар өткізген Төреғали Төреәлі анасы мен әкесіне тосын сый жасады. Әнші екі қарындасымен бірігіп ата-анасына шетелге жолдама алып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл сәтті Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы өзінің Instagram парақшасына жүктеді.

Видеода сөз алған әнші: "Өте қуаныштымыз. Бұл тосын сый болған еді. Біздің атымыздан ата-анамызға сыйлық. Өздері уақыт таппайды. Сондықтан уақытын белгіледік те, "демалысқа кетіп қалсын" деп, Грузияға жолдама алып қойдық. Соны табыс етуге рұқсат беріңіздер", - дейді.

Желі қолданушылары ата-анасынан барын аямайтын әншіге ризашылығын білдірді.

"Қандай керемет", "Жас болсаң да, талайға үлгі болып жүрсің", "Ата-анаң, отбасың аман болсын", "Бізге де осындай дүбірлі тойды нәсіп етсін", "Қандай керемет, үлгілі отбасысыздар".
"Алла тіл-көзден сақтасын", "Ата-ананы қуантқаннан артық бақыт бар ма?!", "Ғұмырлы болыңыздар", "Баланың бәрі Төреғалидай болсын", "Алла ұл берсе, осындай қылып берсін", "Отбасыларыңыздан бірлік пен береке кетпесін" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлі кенже қызы Фатиманың тұсаукесері мен ұлы Төренұрдің бесік тойын қатар өткізді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel