RU
"Әкесі - таксист": Ержан Максимнің ата-анасы туралы не білеміз?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Әкесі - таксист": Ержан Максимнің ата-анасы туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Ресейлік "Голос.Дети" музыкалық байқауында жұлдызы жанған Ержан Максимнің ата-анасы баласы үшін негізгі жұмысын тастап кетуге мәжбүр болған. Ерлі-зайыптылар бүгінде бар назарын әнші ұлының шығармашылығына аударып, оған барынша демеу болып жүр. Жас таланттың ата-анасы туралы тың деректер "TalkLike" бағдарламасында белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Анықталғандай, Ержанның анасы мамандығы бойынша психолог. Алайда, ұлын қолдау үшін жұмысын тастаған.

"Мамандығым бойынша қызмет істедім. Алайда, Ержан өнер жолына түскелі бері қасындамын. Бала ғой кішкентай, көп қамқорлықты қажет етеді. Өзімнің жұмысымды қойып, Ержанмен жүрмін. Әкесі де Ержан үшін жұмысын қойды. Бірақ, өзінің қосымша жұмысы бар. Таксист десе болады. Такси қызметімен айналысады өз көлігімен" , - деді Гүлмира Әлібек.

Оған қоса, жас таланттың анасы оның әншілікке жақын екені дүниеге келген сәтінен бастап байқалғанын жеткізді.

"Үш баламның ішінде Ержанды ерекше деп айтуға болады. Ол туғанынан бастап, байқалды ма деп ойлаймын. Өйткені, дүниеге келгенде дәрігерлер сол кезде "әнші дүниеге келді" деп айтқан болатын. Даусы зор болып туылды" , - дейді Гүлмира Әлібек.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
2
2
32
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel