Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда көп балалы және аз қамтылған отбасылар баспаналы болды

Опубликовано:

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылындағы 4 пәтерлі 40 тұрғын үйдің кілті табысталды. Баспаналы болғандардың қатарында халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын тобына жататын – 22 отбасы (оның ішінде: 1,2 топтағы мүгедек отбасы - 4, көп балалы отбасы -1, мүгедек баласы бар 4 жанұя, 1 зейнеткер және 12 толық емес отбасы) және 18 бюджет саласының қызметкерлері бар.

Маңғыстауда көп балалы және аз қамтылған отбасылар баспаналы болды

Сонымен қатар 2019 - «Жастар жылы» аясында Қызылтөбе ауылдық округінде «Жастар» саябағы ашылды. Демеушілердің қолдауымен салынған әмбебап спорттық саябақтың жалпы ауданы 22 626,0 шаршы метрді құрайды. Ойын алаңында футбол, баскетбол ойнап, жас спортшыларға стрит-воркаутта шұғылдануға және демалушыларға қолайлы жағдайлар жасалған. Жалпы, Маңғыстау облысында 1 мамыр – Бірлік күні кең ауқымда аталып өтті.

Маңғыстауда көп балалы және аз қамтылған отбасылар баспаналы болды

Ақтау қаласындағы мерекелік шара 5000 адамнан тұратын еңбек ұжымдарының шеруінен басталды. Ел бірлігін нағайтуға бағытталған шеруге әр саланың қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, ұлттық-мәдени бірлестік мүшелері, жастар, мұнайшылар, спортшылар мен өнерпаздар атсалысты. Шеру аяқталысымен Бас сахна-амфитеатрда

Маңғыстауда көп балалы және аз қамтылған отбасылар баспаналы болды
«Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты өлке шығармашылық ұжымдарының мерекелік концертіне ұласты. Концертпен қатар алаңның басқа бөлітерінде түрлі спорттық шаралар, ұлттық тағамдар мен қолданбалы қолөнер бұйымдарының көрмесі, қала кәсіпкерлерінің мерекелік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындарды бірлік күнімен құттықтады. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің тірегіміз - Тәуелсіздік, тілегіміз - Тұрақтылық, білегіміз - Бірлік!», -деген болатын.
Маңғыстауда көп балалы және аз қамтылған отбасылар баспаналы болды

Расымен де, тәуелсіздік, тұрақтылық пен бірліктен асқан құндылық жоқ. Біздің көпұлтты еліміз бен көпэтносты қоғамымызды «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында жұмылдыруда, туған жерге деген патриотизм, сенім, достық құндылықтарының орнығуында Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының маңызы зор.

Маңғыстауда көп балалы және аз қамтылған отбасылар баспаналы болды
«Ассамблея – Тәуелсіздіктің жемісі. Ассамблея кез келген сын-қатер төнген кезде және Тәуелсіздіктің барлық кезеңінде әрдайым биіктен көріне білді. Оның тарихында біздің ұлттың өрлеу дәуірінің кезеңдері мен нақты нәтижелері көрініс тауып келеді», - деді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792067-magystauda-kp-balaly-zne-az-kamtylgan-otbasylar-baspanaly-boldy/

pixel