RU
Ақмола облысында екі ер адам жүргізушіні байлап, көлігін ұрлап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында екі ер адам жүргізушіні байлап, көлігін ұрлап кеткен

Рассказать Вконтакте

Криминалды полиция қызметкерлері "Петропавл-Жезқазған" тас жолында "Камаз" көлігінің жүргізушісін тонаған екі күдіктіні қолға түсірді деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақмола облысында екі ер адам жүргізушіні байлап, көлігін ұслап кеткен

Көрнекі фото: newauto.kz

19 сәуір күні Арқалық қаласының ПБ-ның кезекші бөліміне тас жолдағы тонау туралы хабарлама түскен. Жарқайың ауданындағы тас жолда белгісіз тұлғалар 30 жастағы "Камаз" жүргізушісін тонау мақсатында тоқтатқан.

Нәтижесінде ер адам көзі байлаулы күйде бірнеше сағат бойы күдіктілермен көлікте өткізген.

Алайда жолда бидай тиелген жүк көлігі батпаққа батып, көліктің дөңгелегі жарылған.

Көлікті шығара алмаған күдіктілер жәбірленушіні жіберуге мәжбүр болған. Ер адам өз күшімен Арқалық қаласына дейін жеткен.

Күдіктілер ер адамның ақшасы мен ұялы телефонын қолды еткен.

Жедел іздестіру жұмыстарының арқасында криминалды полиция қызметкерлері күдіктілердің тұлғасын анықтап, тұтқындады. Олар Қостанай қаласының 25 және 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қылмыстық кодекстің "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақмола қаласының полицейлері жүргізушілерді сақ болып, бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel