RU
Алсу "Евровидения" байқауын жүргізуден шеттетілді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алсу "Евровидения" байқауын жүргізуден шеттетілді

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Алсуға "Россия-1" арнасының тікелей эфирінде "Евровидения" байқауының нәтижесін хабарлау мүмкіндігі ұсынылған болатын. Алайда соңғы дауға байланысты бұл жағдай күрт өзгерген деп жазады teleprogramma.pro-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алсу, Иван Бессонов. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Алсу, Иван Бессонов. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Әнші "Голос. Дети" байқауындағы қызына қатысты дауға қарамастан, "Евровидениеге" жүргізуші ретінде қатысудан бас тартпаған.

Алайда желі қолданушылары арасында бұл жаңалық дүрбелең туғызған. Олардың пікірінше, Алсу қызына қатысты даудан соң, байқаудан өз еркімен бас тартуы тиіс.

"Алсудан басқа сахнада ешкім қалмады ма?", "Тағы да Микелла жеңіске жетеді ме?", "Ол байқауда қызының есімін жеңімпаз ретінде атап жүрмесін", "Халықты әдейі ашуландыратын сияқты", "Ел арасындағы дау әлі басылмады. Ал бұл ханым халықаралық байқауды жүргізбек", "Ақша бәрін шешеді ғой" деп желідегілер пікір білдірген.

Айта кетейік, "Евровидения-2019" нәтижесін Алсудың орнына енді пианист Иван Бессонов хабарлайтын болады. "Россия-1" арнасы неліктен мұндай шешім шығарғанын түсіндірмеген.

Еске сала кетейік, "Голос. Дети" музыкалық жобасында әнші Алсудың қызы жеңіп кеткені желіде үлкен дауға ұласты. Көпшілік нағыз жеңімпаз деп қазақстандық Ержан Максимді атады.

Тіпті, бірқатар ресейлік жұлдыздар жеңіс қазақ баласына тиесілі болу керектігін баса айтқан.

Отандық шоу-бизнес өкілдері де Ержанға қатысты әділетсіздік орын алғанын мәлімдеп, оған барынша қолдау білдірген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel