RU

Алматылық балақай Украинадағы ән байқауында жеңімпаз атанды

Алматылық Темірлан Өсімқұл Украинада өткен "Жас Еуропа" халықаралық ән байқауында жүлделі бірінші орынды иленді. 12 жастағы бүлдіршін "Дайдидау" халық әнін орындап, қазылар алқасын таңдай қақтырған деп жазады "Хабар 24".

Фото: 24.kz
Фото: 24.kz: Instagram

Дәстүрлі "Жас Еуропа" конкурсы биыл 12-рет Киев қаласында ұйымдастырылды

Анықталғандай, халықаралық музыкалық байқау "авторлық", "ұлттық", "әлемдік хит", "халық әні" және "академиялық вокал" деген бес аталымнан өткен.

Алматылық Темірлан Өсімқұл "халық әні" аталымы бойынша жеңімпаз атанған.

Жерлесіміз әлемнің тоғыз елінен қатысқан 80-жуық өнерпаздың арасынан суырылып шығып, үздік деп танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1792077-almatylyk-balakaj-ukrainadagy-n-bajkauynda-zeimpaz-atandy.html