RU
Тоқаев: Көмекке мұқтаж жандар мен жұмыс істегісі келмейтіндердің ара-жігін ажыратып алу керек
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев: Көмекке мұқтаж жандар мен жұмыс істегісі келмейтіндердің ара-жігін ажыратып алу керек

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы Талдықорған қаласына барған сапары кезінде әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар мен жұмыс істегісі келмейтіндердің нақты ажыратып алу керектігін мәлімдеді деп жазады Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Көмекке мұқтаж жандар мен жұмыс істеуді қаламайтындардың ара жігін ажыратып алу керек

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Qamshy.kz

Іс-сапар кезінде президент әлеуметтік сала мәселелерін қозғады.

"Біздің басты мақсатымыз - халықтың өмір сапасын көтеру. 2-3 жыл аралығында апатты және үш ауысымды мектеп мәселесінен арылу керек. Аймаққа 20 мектеп салынуы тиіс. Осы мақсатта 2020-2021 жылдар аралығында 29 млрд теңге бөлу керек.

Алматы облысында медициналық қызметкерлер тапшы. Жас мамандардың ауылдарға көшіп баруына жағдай жасау керек. Әкімдіктер "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жас мамандарды жұмысқа қабылдауға жағдай жасауды жалғастырулары тиіс.

Жұмыс істейтін, жас отбасыларға тұрғын үй құрылысын жалғастыру керек. Әкімдік жеңілдетілген "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы төлемді өтейтін тұрғын үй сертификаттарын беру механизмін іске қосулары тиіс.

Дегенмен шынымен әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар мен жұмыс істегісі келмей, мемлекеттік жәрдемақы көмегімен күнелтуді жөн көретіндердің ара-жігін ажыратып алу керек", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол еңбектенуге әзір тұлғаларға ғана жер берілуі тиіс екенін атап өтті.

"Бұл үшін әкімдік екі мәселені шешу керек: 1) жер телімдерінің бөліну процедурасының заңға сай екенін қамтамасыз ету. 2) жер ресурстарының тиімді пайдаланылып жатқанын қатаң бақылауда ұстау", - деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол аймақ жолдарының 22 пайызының сапасы нашар екенін жеткізді.

Осы орайда мемлекет басшысы облыс әкіміне 2025 жылға дейін апатты жолдарды жөндеу жөніндегі жоспарды ұсынуды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
3
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel