RU
Түркістан облысында ораза кезінде ішімдік сатылмайтын болды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында ораза кезінде ішімдік сатылмайтын болды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері қасиетті Рамазан айында арақ-шарап сатудан бас тартты. Олар ораза кезінде ішімдік сатпайтынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жергілікті кәсіпекерлердің бастамасын тойхана иелері қостады. Олар ораза уақытындағы той-томалақтарды ішімдіксіз өткізуге ниетті.

Рамазан айында арақ-шарапты сатпауға Мақтаарал ауданына қарасты кенттер мен ауылдық округтердің барша кәсіпкерлері бірауыздан уағдаласқан.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Табыс көзінің бір бөлігінен қағылуға қарсы болмаған жергілікті кәсіпкерлер арнайы марапатқа ие болған. Имамдар материалдық кірістен гөрі имани бастаманы қолдаған мақталы өлкенің кәсіпкерлеріне орталық мешіттің бас имамы Қуаныш Бимағамбетовтың алғыс хаттарын табыстады.

"Мұндай бастама алдағы уақытта ауданның барлық ірілі-ұсақты кәсіпкерлерінің арасында жүргізіле беретін болады", - деп мәлімдеді аудандық әкімдіктегілер.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
20
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel