RU
Қайрат Нұртаспен дуэт жазу үшін қанша қаржы қажет?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртаспен дуэт жазу үшін қанша қаржы қажет?

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртаспен бірге дуэт жазу үшін қалтаңыз қаншалықты қалың болу керек екені белгілі болды. Шоу-бизнес жұлдызының анасы хитменмен ән шырқаудың құнын жайып салды деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова жұлдызды ұлымен дуэт жазудың өте қымбат екенін айтты.

Алайда, продюсер кейде адамның жағдайы мен талантын ескере, жеңілдіктер жасалынып тұратынын алға тартты.

"Қымбат. 50 доллардан бастап, 80 долларға дейін ала аламыз. Бірақ біз оған келісім бермедік. Өйткені Қайраттың абыройы жоғалады.

Даусы жоқ болғаннан кейін, Қайраттың көзі соқыр ма? Әлде ақшаға бой алдырып кетті ме? деген сияқты әңгімелер жүреді. Сондықтан осы уақытқа дейін қасықтап жинаған абыройымызды шелекпен шаша алмаймыз.

Мүмкін жағдайы болмай, даусы мықты болатын шығар. Ол кезде біз ақшасына қарамаймыз. Ол кезде Қайраттың өзі алып шығады" , - деді әншінің анасы.
Сіздің реакцияңыз
4
4
0
1
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel