Выйти
RU

"30 жасыма сыйлық": Отандық әзілкештің екінші сәбиі дүниеге келді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Арман Жанәлиевтің отбасында қуанышты жаңалық. Бір ұлы бар тараздық әзілкешке келіншегі қыз сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сүйінші жаңалығын Арман Жаналиевтің өзі Instagram парақшасында жариялады.

"Аллаға шүкір, екінші рет әке атандым. Отбасымыз бір ханшайымға көбейді. Әкеміздің 60 жасына, өзімнің 30 жасыма әдемі сыйлық болды. Сiздергеде жұғысты болсын. Қазақтың саны көбейе берсін", - деп жазды өнер иесі.

Ал желі қолданушылары әзілкештің қуанышына ортақтасып, жарыса лебіз білдірген.

"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Ғұмырлы болсын", "Ата-анасының қуанышы болсын", "Құттықтаймыз", "Үлкен азаматша болсын".

"Ата-анасының үмітін ақтар азаматша болып өссін", "Бауы берік болсын", "Шын жүректен құттықтаймыз" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, төртінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі күні кеше ұлының шілдеханасы мен қызының тұсаукесер тойын қатар өткізді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"30 жасыма сыйлық": Отандық әзілкештің екінші сәбиі дүниеге келді (фото)