RU
Президенттікке үміткер Жұматай Әлиев бір шығармада 19 қате жіберген
Жаңалықтар Қоғам

Президенттікке үміткер Жұматай Әлиев бір шығармада 19 қате жіберген

Рассказать Вконтакте

Лингистикалық комиссияның мүшесі Әділ Ахметов "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді толық меңгермегенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жұматай Алиев. Фото: cau.kz

Жұматай Алиев. Фото: cau.kz

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған Қазақстанның президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия мүшесі Әділ Ахметовтың айтуынша, үміткер бірінші кезеңде "Мемлекет және дін" деген тақырыпта шығарма жазыпты.

Ол тақырып мүлдем ашылмағанын, сөйлемдерінің барлығы жүйесіз екендігін алға тартты.

Үміткер екінші кезеңде Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романының екінші томынан үзінді оқыпты.

Ахметовтың сөзінше, үміткер бұл жерде де шорқақтығын байқатқан.

Үшінші кезеңде "Ырыс алды – ынтымақ" тақырыбында баяндама жасады.

Комиссия мүшесі "ырыс алды - ынтымақ" тақырыбы мүлдем ашылмағанын., баяндаманың сауатсыз болғанын жасырмады.

"Бірінші кезеңдегі шығармада бас-аяғы 13 сөйлемде 19 қате. Өздеріңізге белгілі 8-ден асса ол шығарма теріс бағаланады.
Сол себепті президенттікке үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген комиссия қорытындысы шықты", - деді Әділ Ахметов.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel