RU
Қатерлі ісікті жеңіп, жұмысына оралған ұстазға оқушылары тосын сый жасады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қатерлі ісікті жеңіп, жұмысына оралған ұстазға оқушылары тосын сый жасады

Рассказать Вконтакте

Түркиядағы мектеп оқушылары қатерлі ісікке шалдығып, біраз уақыт үзілістен кейін жұмысына қайта оралған мұғалімдерін салтанатты түрде қарсы алды деп хабарлайды ztb_video парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Түркия мектептерінің бірінде қызмет атқарған мұғалімнің ұзақ үзілістен кейін, ауруын жеңіп, жұмыс орнына қайта келгені бейнеленген видео тарады.

Оқушылар қатерлі ісікпен күресінен кейін, жұмысқа қайта оралған ұстаздарына тосын сый жасаған.

Мектепке кіріп келген мұғалімді оқушылар салтанатты түрде қарсы алып, төбеден әуе шарларын жіберген. Кейіннен қолдарына плакат ұстап, ұстаздарын қайта оралуымен құттықтап жатты.

Мұндай тосын сыйды күтпеген ер азамат еріксіз көзіне жас алды.

Аталған видео желі оқырмандарының да елжіретті:

"Бірде бір адам бұл аурумен ауырмасын деп тілеймін", "Оқушылардың тырысқанын көруге болады. Демек, осыған лайық адам болып тұр ғой", "Осындай видеоларды көрсем жылаймын", - деп жазды желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
25
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel