RU
Ақтөбеде 10 жастағы баланың өліміне қатысты тың деректер белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 10 жастағы баланың өліміне қатысты тың деректер белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 4 сынып оқушысының өліміне қатысты тың деректер анықталды. Бала өліміне күдікті деп танылған жетінші сынып оқушысы марқұмның оны таспен қуып, балағат сөздер жаудырғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Ұстаздары ойнап жүріп қайтыс болған оқушының белсенді болғанын айтады.

"8 сәуір күні баланың ауруханада ес-түссіз жатқанын естідік. Ол үйінің жанында ойнап жүрген жерінен құлаған. Қандай жағдайда баланың ауруханаға түскенін білмейміз. Ауруханада жатқан 12 күннің ішінде оған екі рет ота жасалды. 19 сәуір күні бала көз жұмды. Баланың миына қан құйылған",- дейді мектептің оқу ісі бойынша орынбасары Людмила Ким.

Марқұм болған баланың көршілері қайғыдан қан жұтып отырған ата-ананың көпбалалы отбасы екенін айтып берді.

"Бұл - бес балалы отбасы, үш ұлы бар. Сол күні түс қайта достарымен ойнап жүрген жерінен балшыққа құлап қалған деп естідім. Аузынан көбік ағып жатқан. Баланы көршілер көріп, хабар берген. Содан жедел жәрдем шақырды. Жедел жәрдемде балаға ине салған кезде қолын тартып алған екен", - дейді көршісі Ғабиден Әжмағамбетов.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 10 жастағы баланың өліміне 7 сынып оқушысы күдікті деп танылып отыр.

Күдікке ілінген оқушының ұстаздары баланы жағынан ғана ұрғанын айтады.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Бұл жексенбі күні, 7 сәуірде орын алған жағдай. Бізге полиция бөлімінен бірінші күні хабарлама түсті. Энергетик елдімекеніндегі бір-бірімен шертпе ойнап жүрген балалардың арасында келіспеушілік орын алыпты.

Ол өзіне балағат сөздер айтқан марқұм болған баланың жағынан ұрған. Баланың айтуынша, мұны ол бала тас алып қуған. Кейін біздің оқушымыз үйіне кіріп кеткен. Оқушымыз бала туралы естіген уақытта жылады.

"Олай болатынын білгенімде ойнамас едім. Қастық қылу ойымда болған жоқ, қолым қатты тимеп еді. Мен ұрған кезде құлаған жоқ. Артымнан таспен қуды" деп отыр",- дейді Благодар орта мектебі директорының орынбасары Анархан Әбілғазина.

Ұстаздар бала ауруханада жатқанда мешітте дұға оқытып, мектепте жеті шелпек таратқан.

"Қазір баламен де, ата-анамен де психологтар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Толыққанды отбасынан шыққан тәртіпті балалардың бірі. Сабақ үлгерімі жақсы. Бала - үйінің кенжесі. Бөлімшеге тек ата-анасымен бірге ғана барады. Қаза болған бала ауруханада жатқанда оның ата-анасымен бірге мешітке барып дұға жасап жүрдік. Бәріміз дұғада болдық. Мектеп ішінде жеті шелпек пісірдік. Қазір баламыз аздап тұйықталып қалды. Бізге де күтпеген жағдай болып тұр",-дейді Анархан Әбілғазина.
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
10
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel