RU
14 бала газдан уланды: Нұр-Сұлтандағы өрттің болжалды себептері айтылды
Жаңалықтар Қоғам

14 бала газдан уланды: Нұр-Сұлтандағы өрттің болжалды себептері айтылды

Рассказать Вконтакте

Елорда әкімдігі Нұр-Сұлтандағы жатақханада болған өрттен 26 адам зардап шеккенін, барлық 350 тұрғынның толықтай эвакуацияланғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: Нұр-Сұлтан ТЖД

Оқиға орнынан фото: Нұр-Сұлтан ТЖД

Өрт салдарынан 14 бала мен 12 ересек адам зардап шеккені, жедел жәрдем қызметі 4 минут ішінде оқиға орнына келгені хабарланды.

Газдан қатты уланған 24 адам ауруханаға жеткізіліп, бір бала жансақтау бөліміне түскен.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрттің неден болғанын анықтау үстінде.

Алдын-ала болжам бойынша, электр желілерін монтаждау және пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға қатысты жағдай орын алған.

Өрт салдарынан аумағы 20 шаршы метр болатын бөлме бүлініп, үй  мүлкі жанған. Оқиға орнында өрт сынағы зертханасының мамандары жұмыс істеп жатыр.

Ғимараттың 1974 жылы дәліз үлгісінде салынған жатақхана екендігі айтылды.

2018 жылы аталған жатақханада өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 10 заңбұзушылық анықталыпты.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel