RU
Ержан Максимге БҚО әкімі Алтай Көлгінов сыйлық табыс етті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ержан Максимге БҚО әкімі Алтай Көлгінов сыйлық табыс етті

Рассказать Вконтакте

"Голос. Дети" байқауының финалисті Ержан Максим Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің қабылдауында болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Облыс әкімі мен жас таланттың кездесуінде түсірілген естелік сурет шенеуніктің Instagram парақшасында жарияланды.

Суреттерден облыс әкімінің Ержан Максимге қазақтың ұлттық домбырасын табыс еткенін көруге болады.

Айта кетейік, бұл - Ержанның облыс басшыларымен алғашқы кездесуі емес. Осыған дейін жас әнші Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеевпен кездескен болатын.

Еске сала кетейік, "Голос. Дети" музыкалық жобасында әншіАлсудың қызы жеңіп кеткені желіде үлкен дауға ұласты. Көпшілік нағыз жеңімпаз деп қазақстандық Ержан Максимді атады.

Тіпті, бірқатар ресейлік жұлдыздар жеңіс қазақ баласына тиесілі болу керектігін баса айтқан.

Отандық шоу-бизнес өкілдері де Ержанға қатысты әділетсіздік орын алғанын мәлімдеп, оған барынша қолдау білдірген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel