RU
ОСК Әлиевті президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты
Жаңалықтар Қоғам

ОСК Әлиевті президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты

Рассказать Вконтакте

Орталық сайлау комиссиясы Жұматай Әлиевті Қазақстанның президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартты деп хабарлайды үйымның хатына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

2019 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді, оған саяси партиялар мен бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Отырыста қаулы жобасы қаралды.

Ортсайлаукомда Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды.

Өткізілген емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгермегендігі жөнінде шешім қабылдады.

Жұматай Әлиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгермегені туралы емтихан нәтижесін ескере отырып, Конституция мен Сайлау туралы Конституциялық заңда президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы хаттама қабылданды.

Осыған байланысты Ортсайлауком қаулысы қабылданды.

Осы қаулының 1 тармағы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің Қазақстан Республикасы Конституциясының және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының талаптарына сәйкес емес екенін көздейді.

Қаулының 2-тармағы Жұматай Әлиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартуды көздейді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel