RU

Өз ұлын тұншықтырып өлтірген ақтаулық әйел жазадан құтылып кетті

Ақтауда өткен жылдың қазан айында өзінің ұлын жылытқышқа байлап, тұншықтырып өлтірген әйелге қатысты сот отырысы өтті деп хабарлайды Tumba.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: politeka.net
Фото: politeka.net: UGC

Жантүршігерлік оқиға өткен жылдың қазан айында орын алған. Құрықтау кезінде күдікті еш қарсыласпастан өзінің кәнісін толықтай мойындады.

Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес "Кісі өлтіру" бойынша айып тағылды.

Барлық жасалған сараптамалардың нәтижесі бойынша, әйел адамда психикалық ауытқушылықтар байқалған.

Маңыстау облыстық сот қылмыстық істі егжей-тегжейлі қарап, қылмыс жасау барысында айыпталушының есі дұрыс емес болған деген шешімге келген.

Осыған байланысты әйел адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Оған "Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана" жанындағы психиатриялық клиникада мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1792156-z-lyn-tnsyktyryp-ltirgen-aktaulyk-jel-zazadan-ktylyp-ketti.html