RU
Арық қақпағының автобус ішіне қалай кіріп кеткенін әкімдік түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

Арық қақпағының автобус ішіне қалай кіріп кеткенін әкімдік түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Алматыда ашық тұрған арық қақпағы автобустың астын тесіп шықты. Нәтижесінде қоғамдық көлікте отырған жолаушының аяғы сынды. Алматы әкімдігінің қалалық мобильді басқармасы оқиғаға байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Ведомство дәл қазір нақты себепті айту мүмкін еместігін алға тартты. Оқиға орнында қосымша сараптама жүргізілетінін де айта кетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус салмағымен арықтың қақпағын сындырғанда, темір жоғарыға қарай көтеріліп қоғамдық көліктің еденін тесіп өткен.

Басқарма арық қақпақтарына аудандық әкімдік жауап беретін жеткізді.

Мән-жайды анықтау мақсатында аудандық әкімдік пен транспорт басқармасы өкілдерінен жұмыс тобы құрылды.

Еске сала кетсек, Алматыда автобустың еденін тесіп кеткен арық қақпағы жолаушы әйелдің аяғын жарақаттағаны туралы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel