RU
"Рөлде қыз": Алматыда Lexus көлігі бес жасар қызды қағып өлтірді
Жаңалықтар Қоғам

"Рөлде қыз": Алматыда Lexus көлігі бес жасар қызды қағып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Алматыда қайғылы жағдай орын алды. Ата-анасының қарауынсыз қалған бес жастағы қыз көліктің астына түсіп, қайтыс болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оқиға Алатау ауданы Теректі елді мекенінде болған.

Куәгерлердің сөзінше, Lexus GS-300 рөлінде қыз отырыпты.

Ол көлікті тоқтатуға тырысқанымен, үлгере алмаған. Бес жастағы қыз жолдың қиылысынан күтпеген жерден шыға келіпті.

Жол апаты орын алған жерге жеткен дәрігерлер кішкентай қыздың қаза тапқанын мәлімдеді.

Қайғылы оқиға кезінде бес жастағы қызды ешкім қадағаламаған. Сондықтан ол жалғыз өзі жолдың рұқсат етілмеген тұсынан жүгіріп өтпекші болыпты.

Жаяу жүргіншілер жолағы апат болған тұстан алыс емес жерде екендігі де хабарланды.

Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта қосымша ақпараттар жинастыруда. Кейінірек олар сараптаманы тағайындайды.

Өз кезегінде автотехникалық тексеру рөлдегі қыздың көлікті тоқтатуға тырысқанын немесе тырыспағанын көрсетеді.
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
10
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel