RU
Екі адам қаза тапты: Шымкентте отбасы газдан уланып қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Екі адам қаза тапты: Шымкентте отбасы газдан уланып қалды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте бір отбасы газдан уланып, үш адам зардап шекті. Олардың екеуі қаза тапты деп хабарлайды «Қазақпаратқа» сілтеем жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ

Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ

Қайғылы жағдай бірінші мамыр күні орын алған. Сағат кешкі тоғыз шамасында апаттан құтқару қызметіне екі адамның қаза тапқаны жөнінде хабар келіп түсті. Алын ала мәлімет бойынша олар газдан уланып қайтыс болған.

Оқыс оқиғаның құрбаны 1972 жылғы әйел адам мен 2000 жылы туған қыз болды.

1998 жылғы жас жігіт аман қалды. Алайда, ол ауруханаға ауыр халде түскен.

Төтенше жағдай орын алған жерге бірден апаттан құтқару қызметі жетті. Олар үйде су қайнатқыш құрылғының дұрыс орнатылмағанын анықтады.

Құрылғы өздігінен орнатылғандықтан қателіктер орын алды.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel