Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Жұмақанов Атырау облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Бас Прокурордың бұйрығымен Бауыржан Жұмақанов Атырау облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы өңірлік прокуратураның ресми сайтында мәлімделді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Фото: atr.prokuror.gov.kz
Фото: atr.prokuror.gov.kz: Instagram

Жұмақанов 1979 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе облысы прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының маманы қызметінен бастаған.

Қандыағаш көлік прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Ақтөбе көлік прокурорының аға көмекшісі, Батыс аймағының көлік прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры, Ақтөбе облысы прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары және прокуроры, Арнайы прокурорлар қызметінің аса маңызды қылмыстық істерді тергеу басқармасындағы Бас прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарған.

2018 жылдың мамырынан Арнайы прокурорлар қызметінің Бақылау-әдістемелік басқармасындағы Бас Прокурордың көмекшісі қызметінде жұмыс жасаған.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 14 жылдан астам.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1792191-bauyrzan-zmakanov-atyrau-oblysy-prokuroryny-orynbasary-bolyp-tagajyndaldy/

pixel