RU
Абаев Қазақстандағы санкцияланбаған митингілерге қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Абаев Қазақстандағы санкцияланбаған митингілерге қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанның кейбір қалаларында бірінші мамыр күні орын алған санкцияланбаған митингілерге қатысты пікір білдірді. Бұл оқиғаға қатысты өз ойын ол "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

"Азаматтардың митингтер шынымен өтті. Олардың барлығы санкцияланбаған болды. Бірақ, оған қарамастан акцияның қатысушылары әлеуметтік мәселелерге қатысты ойын еркін түрде жеткізе алды" , - деді министр.

Министрлік басшысы митингке қатысқандарға әкімдік қызметкерлері шығып, олардың арыз-шағымын тыңдағанын жеткізді.

"Біз конструктивті диалог жүргізуге дайынбыз. Оған қоса, біз тұтқындаулар болғанын мойындаймыз. Бұл әрекеттер белгілі адамдардың өзін агрессивті түрде ұстауына байланысты орын алды. Оған дейін, бірнеше ескерту жасалған." , - деді Абаев.
"Мен қазіргі таңда азаматтарға мұндай акцияны заңды түрде ұйымдастыруғ үшін өтініш тастауға ешқандай кедергі жоқ екенін айтқым келеді" , - деді министр.

Сіздің реакцияңыз
17
2
2
3
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel