RU
Қалыңдығы туған бауырымен қашып кеткенін айтқан жігіт мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

Қалыңдығы туған бауырымен қашып кеткенін айтқан жігіт мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Қайрат есімді азамат қалыңдығының тойға бірнеше ай қалғанда туған бауырымен қашып кеткенін айтып, жан сырын ақтарды. Ол өзіне сатқындық жасаған адамдарды қалай кешірерін білмей дал болып жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: muscleandfitness.com

Фото: muscleandfitness.com

Жігіттің айтуынша, ол Жанар есімді бойжеткенмен үш жылдың көлеміндей кездесіп, оған қолы мен жүрегін ұсынған.

Ару сүйіктісінің ұсынысын қабылдағанымен, райынан бірден қайтып кетіпті.

"Жанарды бір көргеннен ұнаттым. Сүйдім. Кездесуге ұсыныс тастап, көп ұзамай ол туралы отбасы мүшелеріме де айтып, құлағдар еттім. Тіпті қызымды бауырыма таныстырып, оның разылығын алғым келді.

Бауырыма Жанар қатты ұнады. "Жолың болды. Әулетке жақсы келін болғалы тұр" деп қысқа қайырды.

Үш жыл көзді ашып жұмғанша өте шықты. Жанар екеуіміз осы аралықта көпті көрдік. Ұрыстық, татуластық. Оның менімен өмірдің ыстық-суығына шыдайтынын білдім. Сол себепті уақытты әрі созбастан сөз салдым", - дейді азамат.

Қайрат үш жыл көлемінде сүйіктісін ессіз сүйген. Тіпті осы аралықта сүйіктісінің туған бауырымен қатар жүріп жүргенін сезбеген де.

"Сүйем деп жүрген адамым мен туған бауырымның арасындағы сезімнің бірнеше жыл жалғасып келе жатқанын Жанардың хатынан білдім.

Үйлену тойын белгілеп, қызу дайындықтан қолым босамай жүргенде бір жапырақ қағаз жоспарымның бәрін бұзды.

Ол хатында менің туған бауырымды сүйіп қалғанын, олардың бірнеше жыл жүргенін және алыс жаққа кетіп бара жатқанын жазыпты. Тамағыма тас тірелгендей болды", -деп есіне алды Қайрат.

Содан бері жақын адамдарының сатқындығын қалай кешіретінін білмей дал болып жүрген жігіт көптен кеңес сұрады.

"Қазіргі таңда олардың не істеп, қайда жүргенін білемін. Енді тіпті ар-қатынастарын жасырмайтын болған. Олардың маған жасаған опасыздығын қалай кешіремін? Бауырыммен қарым-қатынасымды сақтауым керек пе?", - деп мұңын шақты кейіпкеріміз.
Сіздің реакцияңыз
13
4
1
7
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel