RU
Қазақстандағы сайлау: Абаев биліктің нені көздеп отырғанын айтты

Қазақстандағы сайлау: Абаев биліктің нені көздеп отырғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев алдағы президент сайлауынан үкімет не күтіп отырғанын жеткізді. Министр өз ойымен "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы сайау: Абаев үкіметтің неге мүдделі екенімен бөлісті

Фото: ehonews.kz

"Нақты баға бермеймін, сөздерім насихат деп бағаланбас үшін. Бірақ жалпы, үміткерлер тізімі біршама үйлесімді. Ондағы тұлғалар - әртүрлі қызығушылықты көздейтін топтардан шыққан және жастары да әртүрлі. Алғаш рет әйел үміткер бар, бұл туралы бұрын да айтып өткенмін", - деді министр.

Дәурен Абаевтың сөзінше, әр үміткердің Қазақстанның дамуына деген көзқарасы әртүрлі.

"Ең жақын арада үгіт-насихат кампаниялары белсенді іске кіріседі деп ойлаймын. Мен де басқалар сияқты әр саясаткердің сайлауға қандай үндеумен шығатынын қызығушылықпен күтудемін", - деді ведомство басшысы.

Министр халық кандидаттардан сайлау алдында адал әрі конструктивті, ымырасыз күрес күтетінін атап өтті.

«Мемлекеттік органдар, жалпы билік - алдағы сайлаудың ашықтығы мен легитимдігіне мүдделі болып отыр», - деді министр.

Қазақстанда кезектен тыс сайлау 9 маусым күні өтеді. Бүгінгі таңда үміткерлер тізімінде тоғыз адам бар.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel