RU
Бейжіңге неліктен Тоқаев емес, Назарбаев барды: Абаев жауап берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бейжіңге неліктен Тоқаев емес, Назарбаев барды: Абаев жауап берді

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және әлеуметтік даму министі Дәурен Абаев "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасының дәстүрлі эфирінде журналистің Бейжіңдегі "Бір белбеу, бір жол" атты форумға неліктен Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барғаны туралы сұрағына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Пекин. Фото: Тұңғыш президенттің баспасөз-қызметі

Пекин. Фото: Тұңғыш президенттің баспасөз-қызметі

Ведомство басшысының сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға "Бір белбеу, бір жол" форумының қонағы әрі ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпиннің досы ретінде шақырылған.

"Бәріміз білетіндей, ескі достыққа деген құрмет - қытай билеушілерінің көне дәстүрі", - деді Абаев.

Сонымен қатар, министр "Бір белбеу, бір жол" жобасын құру идеясы Қазақстанға жасалған сапар кезінде айтылғанын да сөз етті.

"Елбасы бастаған мемлекетіміз осы бастаманы жүзеге асыруда әрқашан жетекші рөлдердің бірін ойнады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары Достық орденімен марапаттағанын да атап өткім келеді. Бұрынырақта аталмыш марапатты шетелдік көшбасшылардың ішінде тек Владимир Путин ғана алған болатын", - деді Дәурен Абаев.

Сіздің реакцияңыз
17
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel