RU
Рүстем Жүгінісов екінші сәбидің әкесі атанды (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Рүстем Жүгінісов екінші сәбидің әкесі атанды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Рүстем Жүгінісов екінші рет әке атанды. Әншінің шаңырағында тағы бір қыз бала дүниеге келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сүйінші жаңалығын әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Аллаға шүкір екінші рет әке атандым. Алла - ұлық", - деп жазды Жүгінісов.

Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, өз тілектестіктерін білдірді.

"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Қос қызың қуанышың болып өсе берсін", "Бақытты болсын", "Қыз деген керемет қой", "Қыз баласы ата-анасының қамқоры ғой", "Анасына Алла күш берсін" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, әнші екінші қызына Томирис деп есім берген.

Естеріңізге сала кетейік, Рүстем Жүгінісов 2017 жылдың қазанында Астанада дүркіретіп той жасап, шаңырақ көтерген болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel