RU
Павлодар тұрғыны жедел жәрдем дәрігерлерін үйіне қамап, шығармай қойды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар тұрғыны жедел жәрдем дәрігерлерін үйіне қамап, шығармай қойды

Рассказать Вконтакте

Павлодарда ер адам әйеліне жедел жәрдем шақыртып, келген дәрігерлерді пәтерде қамап кеткен деп хабарлайды Павлодар-онлайға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Павлодарда ер адам жедел жәрдем дәрігерлерін үйіне қамап, шығармай қойды

Көрнекі сурет: kursk.com

Ер адам дәрігерлерді пәтеріне қамап, өзі жедел дәрдем бекетіне барып, медициналық қызметкерлер дер кезінде көмек көрсетпейтініне шағымданып, жанжал шығарған.

"Ер адамға медициналық қызметкерлерді ұстау заң бұзушылық болып табылатыны ескертілген кезде, ол жұбайына хабарласып, ол дәрігерлерді жіберді. Аталмыш факті бойынша медицина қызметкерлері полицияға арызданды", - деді жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Бұзақы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Айыпталушы болса, дәрігерлердің дөрекілігіне шағымданып, денсаулық сақтау басқармасына арызданды.

Жедел жәрдем баспасөз қызметі оқиғадан кейін сол мекенжайдан екі рет шақырту түскенін, бірінші рет әйел адамда стресстен кейінгі синдром болса, екінші рет соққы іздері анықталған.

Алайда жәбірленуші әйел ауруханаға барудан бас тартқан.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel