RU
"Мойындатып тастаған": Айдарбекова ұлына теріс пікір жазғандарға жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Мойындатып тастаған": Айдарбекова ұлына теріс пікір жазғандарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың Қырғызстандағы концертінде ине шаншар орын болмаған. Бұл жайында әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram парақшасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қырғыз еліндегі Қайратымыздың бүгінгі ән-кешіне жиналып жатқан xалық. Әлі жиналып болмағанда жіберілген видео. Жиналып болғанда қандай болар екен деп отыр едік, "ине шаншар жер жоқ" деген xабар келді. Алла абыройынан айырмасын! Біз тек тілеулеспіз ғой. Аман болсын", - деп жазды хитменнің продюсер анасы.

Ал бұл бейнежазбаға желі қолданушыларының бірі оң пікір білдірсе, екіншілері ауыр сөз жазып, әншінің анасын ашуландырған.

Тіпті олардың арасында Қайрат Нұртасты Димаш Құдайбергенмен салыстырғандар да табылды.

Алайда теріс пікір білдірушілердің барлығына Гүлзира Айдарбекова жауап беріп, оларды орнына қойып отырған.

"Қайрат Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Россияның түкпір-түкпіріне концертпен барып жүргеніне 10 жылдан асып кетті. "Арман" әні шыққанда-ақ Қытай елі шақырып, 14 -15 қаласына жылда концертін, небір концерт залдар мен алаңдарына кештерін қойып келді.
Тек қателігіміз жақсы жарнама жасамаппыз. Азын-аулақ соткаға түсіргендер тарап та кетті, Youtube-тан көрсеңіздер. Ешкімнің көмегінсіз-ақ, 18 жасынан мойындатып тастаған, қара тер еңбегімен.

Димашпен таласымыз жоқ, әлемді мойындатты мақтанамыз. Бірақ Қайрат өзге елге енді ғана шығып жатқандай іштарлықпен әңгіме айтқаныңыз артығырақ.

Әр адамның өз әлемі, өз ерекшелігі бар, салыстырып қажеті жоқ. Не десең де ең көп xит ән Қайратта. Оны да мойындау керек, кір іздей бермей", - деп жауап берген продюсер ханым.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін де Гүлзира Айдарбекова ұлын Димаш Құдайбергенмен салыстырған оқырманына ұрысып тастаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
24
1
5
1
1
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel