RU
"Өмірім - тозақ": Болашақ жарын сүймейтінін айтқан ару елден кеңес сұрады
Жаңалықтар Қоғам

"Өмірім - тозақ": Болашақ жарын сүймейтінін айтқан ару елден кеңес сұрады

Рассказать Вконтакте

25 жастағы бойжеткен туысқандарының қыспағымен "отырып қалған қыз" атанбау үшін өзі сүймейтін жанға тұрмысқа шығатынын айтып, мұңын шақты. Сырғалы қыздың сөзінше, ол болашақ жарымен бірге тұрмақ түгілі телефонмен де сөйлескісі келмейді екен. Бойжеткен сүймегеніне қосылса, бақытсыз ғұмыр кешу мүмкіндігін ойлап, дал болып жүр деп хабарлайды alashainasy.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

Фото: belnovosti.by

Фото: belnovosti.by

Амалы таусылған бойжеткен бірнеше айдан бері сөйлесіп жүрген жігітке тұрмысқа шығуға келісімін берген.

Алайда ару ол азамтты сүймейтінін, онымен бірге болғысы келмейтінін алға тартты.

"Осыдан бірнеше ай бұрын өзіме сөз салып жүрген  бір жігіттің ұсынысын қабылдап, келісімімді бердім. Енді міне, жақын күндерде той, бірақ менің ол жігітке деген кішкентай болса да сезімім жоқ. Бірге тұрмақ түгілі, телефонмен сөйлескім келмейді. Құда түсіп, сырға салып, той күні белгіленіп те қойды, ал мен өз ойымды жинақтай алмай жүрмін", - дейді бойжеткен.

Сонымен қатар, тығырыққа тірелген ару жігіт жақ туыстарының көңілінен шыға алмағанын да сөз етті.

"Үй іші мені жақтыра қойған жоқ. Енді мен не істесем болады? Көп адамдар уакыт өте бауыр басып кетесің дейді, бірак қазіргі өмірім тозақ сияқты, ал кейін не болары маған беймәлім.

"Ертерек ойланбадың ба басында" дейтін шығарсыздар, алайда сол кездегі ойым тұрмысқа шығып, үйдегілерді тыныштандыру болды.

Күн өткен сайын жағдай қиындап бара жатыр, өтінемін, ақыл қосыңыздаршы", - деді кейіпкеріміз мұңын шағып.
Сіздің реакцияңыз
3
1
4
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel