RU
"Түрік емес, қазақ": Жанар Хамитова өзінен 12 жас үлкен күйеуі жайлы бар шындықты жайып салды

"Түрік емес, қазақ": Жанар Хамитова өзінен 12 жас үлкен күйеуі жайлы бар шындықты жайып салды

Рассказать Вконтакте

Осыдан 11 жыл бұрын сахнамен қош айтысып, бақуатты азаматқа тұрмысқа шыққан Жанар Хамитова араға уақыт салып, өнер әлеміне қайта оралды. Басынан кешкен ауыр күндерін еске алып, жұртты алаңдатқан әнші өзінен 12 жас үлкен күйеуі жайлы бар шындықты айтты деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, екі баласын алып қалған жұбайы түрік емес, қазақ азаматы екен.

"Иә, менің күйеуім бақуатты отбасынан. Бірақ түрік емес, қазақ. Оның ата-анасы алматылық. Оның атасы Әбубәкір Қасымханов Қонаевтың кезінде еңбек министрі болған.

Менің күйеуімнің басынан Дінмұхаммед Қонаевтың өзі сипап, тәтті сыйлаған. Оның үш жоғары білімі бар.

Менің күйеуім - нағыз анасының баласы. Анасының айтқанымен жүреді. Біз енеммен және күйеуімнің бірінші некеден туған баласымен бірге тұрдық.

Енеме менің дипломсыз, атақсыз болғаным, ән тыңдап, қазақша сөйлегенім ұнамады.

Ал балаларымды күнге қыздыру үшін жалаңаш шығарсам, енем "Балалар неге жалаңаш көшеге шығады?" деп айыптайтын.

Біз ауылда солай өсіп, адам болдық қой?! Ол отбасыда мен осындай түсініктермен күрестім.

Бірақ мұның нәтижесі болмады. Қазір өзім секілді азаматқа тұрмысқа шығуым керек еді деп ойлаймын. Отбасылы өмірімнің алғашқы бес жылы қалыпты өткенімен, соңғы бес жылын балаларым үшін шыдап өткіздім.

Олардың сәл өскенін қаладым. Алайда Құдайды ренжіткім келмейді. Менің ол отбасыда қаржылық жағдайым жақсы болды.

Бренд киімдер мен соңғы үлгідегі смартфон да болды. Тіпті тәтті үшін күніне мың доллар жұмсайтын күндер де өтті", - дейді Жанар Хамитова.

Көпшілік әншінің Антальядан келгенін естіп, түрік азаматына тұрмысқа шықты деп ойлаған.

Алайда Жанар шетелге тек жақсы өмір сүру үшін көшіп барғандарын жеткізді.

"Біз алғашында Амстердамға көштік. Ол жақта үш жыл өмір сүріп, үлкен ұлым дүниеге келді. Сосын біз Алматыға қайта оралдық та, осында алты жыл тұрдық. Ал Дубайда біраз уақыт тұрақтаймыз деп ойлағанбыз. Бірақ онда өмір сүру қымбатқа түсіп, Антальяға көштік. Біз жақсы өмірді іздедік", - деді Жанар Хамитова.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 14 жыл бұрын "Superstar.kz" байқауында финалист атанып, "Арнау" тобының мүшесі болған Жанар Хамитова сахнадан алыстап кеткен еді.

Әнші араға 11 жыл салып алғаш рет "КТК" арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бой көрсетіп, жеке өміріне қатысты құпияның бетін ашқан болатын.

Материалды көшіріп-басу тек "Врмея" басылымының рұқсатымен жүзеге асырылады!

Сіздің реакцияңыз
8
4
4
15
3
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel