RU
"Мисс Қазақстан - 2019" атанған бойжеткен туралы не білеміз? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Мисс Қазақстан - 2019" атанған бойжеткен туралы не білеміз? (фото)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Мадина Батық "Мисс Қазақстан - 2019" атанып, көптен бері аңсаған тәжіне ие болды. Сұлулық байқауында Павлодар қаласының намысын қорғап, 32 сылқымның арасынан суырылып шыққан ару туралы тың мәліметтерді назарларыңызға KAZ.NUR.KZ порталы ұсынады.

"Мисс Қазақстан-2019". Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

"Мисс Қазақстан-2019". Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Мадина Батық 1999 жылдың сегізінші маусымда дүниеге келген. 20 жастағы бойжеткен Павлодар қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектепті тәмамдады.

Бүгінде ол Торайғыров атындағы ПМУ білім ордасының екінші курс студенті. Мадина "туризм" мамандығы бойынша білім алуда.

Бос уақытында жеңіл атлетика, теннис және фитнес сияқты спорт түрлерімен шұғылданады.

Бойжеткен өзінің асқақ арманы әлемнің барлық мемлекеттерінде болып көру екенін айтады.

Оған қоса, сылқым қыз табысты әрі іскер әйел болып, үлгітұтар жар мен ана атануды көздеп отыр.

Сұлулық байқауына қатысудың басты мақсаты - аталған армандарының бірін орындау екен.

Мадина Батық бәрінен де Италия елінде болып көргісі келетінін айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
2
1
27
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel