RU
Ерлердің не себепті төсек қатынасын қаламайтыны белгілі болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ерлердің не себепті төсек қатынасын қаламайтыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Сексолог Наталья Касарина әлеуметтік желідегі парақшасында ерлердің жыныстық қатынаспен айналысуды қандай кезде қаламайтынын жазды. Оның ойынша, мұндай мәселелер көбінесе ер азаматтардың төсек қатынасымен аптасына, айына немесе жылына бір рет айналысуынан туындайды деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: businessinsider.com.au

Фото: businessinsider.com.au

Бұдан бөлек маңызды себептердің бірі - денсаулық мәселелері. Маман адамдарда жұқпалы аурулар мен жүрек мәселелері, гормоналды ауытқу болатынын сөз етті.

Сондай-ақ, шаршау мен ұйқының қанбауы да жыныстық қатынасты қаламауға әкеп соғуы мүмкін.

Жұптағы көңіл-күй де төсек қатынасына әсер етеді.

Сексологтың пікірінше, ерлі-зайыптылар бір-біріне деген реніштер мен дау-дамайлардың салдарынан уақыт өте суып кетеді.

Касаринаның сөзінше, ер адам өзін жермен жексен етіп, мүлде қадірлемейтін әйелді қалай алмайды.

"Әйелдің қанағаттанбауы. Егер ер азамат әйелінің төсек қатынасынан ләззат алмағанын көрсе, ол жағдайды түзеуге тырысады. Алайда ол қанша тырысқанымен түк шықпаса, әйел сол қалпы үнсіз жата берсе, ер адам сол сәтте тырысуын қояды", — дейді Касарина.

Сонымен қатар, сексолог тізімге жағымсыз әдеттер мен күйзелісті, опасыздық пен ұлғайған жасты қосты.

Сіздің реакцияңыз
2
6
1
1
5
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel