RU
Полицияға оқ жаудырған алматылық азамат 15 жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Полицияға оқ жаудырған алматылық азамат 15 жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Полиция қызметкеріне оқ жаудырған алматылық 15 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

2017 жылдың 11-ші желтоқсаны күні Молдағұлова көшесіндегі үйінде 1982 жылғы Джафар есімді азамат араққа сылқия тойып алып, отбасында жанжал шығарыпты.

Ер азамат өзінің аңға шығатын 12 калибрлі мылтығын алып, жоғарыға қарай екі рет оқ жаудырған. Содан кейін терезенің жанынан келіп, жеке үйдің ауласына оқ атыпты.

Айыпталушы сол уақытта енесін де соққының астына алған.

"Боран-188 жол-патруль полициясының экипажы келгенде мас бұзақы қарумен аулада еліріп жүрген. Тәртіп сақшылары әйелдерге қауіпсіз жерге қарай кетуін өтінеді. Полиция қызметкерлерін көрген бұзақы машинаға қарай оқтала бастайды. Сол сәтте полиция экипажы қаруын тастауды, өйтпесе табельді қаруды қолданатындарын айтқан. Сонда бұзақы бір рет оқ атып үлгерген. Абырой болғанда, оқ көршісінің қоршауына тиді", - деді полк командирі Манап Сәттаров. 

Сол сәтте 24 жастағы сержант Абылайхан Оқас аспанға оқ атып ескерту жасайды. Бұл да бұзақыны тоқтатпады.

Полиция сержанты Дәулет Кенжеғазы қылмыскердің ішінен атып, оны жарақаттауға мәжбүр болады.

Шұғыл шақыртылған жедел жәрдем қылмыскерді ауруханаға жеткізеді.

Ол жазылып шыққан соң сот алдында жауап берді.

Ол "мас болғандықтан, кімге оқ атып жатқанымды көрмедім" деп ақталды.

Сот үкіміне сәйкес, Джафар Қылмыстық кодекстің 380 бабы 2 бөлімімен айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кейінірек апелляциялық қаралым сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel