Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлулықты жоғалтып, қартаюға әкелетін жағымсыз әдеттерді білесіз бе?

Опубликовано:

Британдық ғалымдардың соңғы зерттеулері негативті эмоциялар мен күйзеліс, жағымсыз ойлар тек сіздің психологияңызға ғана емес, сырт келбетіңізге де әсер ететінін анықтады. Бұл туралы woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: newslocker.com
Фото: newslocker.com: UGC

Сізді қартайтып, сырт келбетіңізге кері әсерін тигізетін жағымсыз әдеттер мыналар:

  1. Өзіңді аяу және көре алмаушылық

Ғаламның әділетсіз екенін айтып, әр нәрсеге шағымдану ешкімге жараса қоймайтын іс. Сол себепті, ұйқыңыздың қанбағанын не болмаса жұмысыңыздың дұрыс бағаланбағанын ойлап, қайғырмаған жөн. Күніңізді жақсы нәрсемен бастап үйреніңіз. Мәселен, таңнан жақсы музыка тыңдап, жеңіл макияж жасап, әдемі киім таңдаңыз.

2. Кесімділік

Егер сіз үнемі мүсініңізді мінсіз емес деп тауып, соған сенетін болсаңыз, өмірде махаббатыңызды тауып, бақытты бола алмассыз. Алайда сарапшылар бұл ойлардың барлығы сіздің шынайы келбетіңізге еш қатысы жоқ екенін алға тартады. Адамдардың басындағы бар қиындықтарды адамның өзі туындатып жүреді екен.

3. Ашу-ыза және ортадағы дау-дамай

Ызыланып, бар ашуыңызды жаныңыздағы адамдардан алған не сізге не сізді қоршаған адамдарға жақсылық әкелмейді. Есіңізге түсіріңізші, сіз ойша адамдардың бетіне олар туралы не ойлайтыныңызды айтып көрген бе едіңіз? Мамандар ашу-ызаның адам физиологиясы мен психологиясына әсер ететінін алға тартты. Сол себепті, ызаға булыққан кезде жақсы нәрселерді ойлап, сізді бақытты ететін дүниелерді еске алыңыз.

4. Өткенді еске алып, өкіну

Жастық шақ өтеді де кетеді. Оған бірдеңе істеу мүмкін емес. Бірақ заманауи құралдар кез келген жаста мінсіз көрінуге септесе алады. Соңғы жылдары 50-60 жастағы адамдар өздерін күтіп, спортпен шұғылданып, жастарға дес бермейді екен. Сондықтан, есейгенді қабылдаған жөн. Психологтар әрбір сәттен ләззат алуға кеңес береді.

5. Күнделікті күйбелең тірлік

Күнделікті маңызды тапсырмаларды орындау қиынға соғып жатады. Бұл сіздің сырт келбетіңізге кері әсерін тигізуі мүмкін. Әжімдер, көз асты қалталары мен әбіржу пайда болады. Басты қажетсіз ақпаратпен толтырмас үшін психологтар арнайы күнтізбені қолдануға кеңес береді.

6. Өміріне көңілі толмаушылық

Басқалардың сізден жақсы өмір сүретінін ойлау да сіздің көңіл-күйіңізді бұзып, сырт келбетіңізге әсер етеді. Психологтар қызғаншақтық пен көре алмаушылық адамдарды алдын ала қартаюға әкелетінін айтады. Сондықтан, өзгелерді ойлап қайғырғанша, өзіңіздің ең аз деген жетістіктеріңізді еске алып, сол үшін өзіңізді мақтап отырыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792277-slulykty-zogaltyp-kartauga-keletin-zagymsyz-detterdi-bilesiz-be/

pixel