RU
Жанқош Тұраров жақында екінші мәрте әке атанбақшы (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жанқош Тұраров жақында екінші мәрте әке атанбақшы (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық боксшы Жанқош Тұраровтың отбасында қуанышты жағдай. Спортшы жақында екінші мәрте әке атанбақ. Оның жары Клара аяғы ауыр екенін өзі растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанқош Тұраров пен жары екінші сәбиін күтіп жүргенін біраз уақыт бойы жасырып келді.

Алайда, боксшының жары іші домаланып шыға бастағанда желі қолданушыларын одан әрі алдамауға бекінген болса керек.

Тұраровтың әйелі екінші жүктіліктің өзіне жағып жатқанын айтты. Оның сөзінше, беті жаңа туған бала секілді бірден тазарып шыға келген.

Клараның бұл мәлімдемесінен кейін желідегілер боксшының ұлды болатынын болжады.

"Бізде осындай жаңалық. МашАллах деп қойыңыздар. Армандап жүрген барша қыз-келіншектерге жұғысты болсын" , - деп жазды спортшының жары.

Айта кетейік, Жанқош пен Клараның кішкентай қызы бар. Олар 2017 жылы алғаш рет ата-ана болған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel