RU
Әшімбаев марафондағы акция туралы: Бұл - "Nur Otan" ұстанымына сай келеді

Әшімбаев марафондағы акция туралы: Бұл - "Nur Otan" ұстанымына сай келеді

Рассказать Вконтакте

"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Алматы марафонында өткен акция талабы "Nur Otan" партиясының ұстанымына сәйкес келетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәулен Әшімбаев. Фото: facebook.com/m.ashimbayev. Плакат. Фото: facebook.com/irene.mednikova

Мәулен Әшімбаев. Фото: facebook.com/m.ashimbayev. Плакат. Фото: facebook.com/irene.mednikova

Бұл туралы Мәулен Әшімбаев орталық сайлау комиссиясындағы брифинг барысында БАҚ өкілдеріне айтып берді.

"Алматыдағы марафон барысында бірнеше жастың жүзеге асырған акциясына қатысты мәселенің екі жағы бар екендігін атап өткім келеді. Мазмұндық және өткізу жағы бар. Мазмұндық жағынан келер болсақ, жастар еліміздің заңнамасына, халықаралық нормаларға сәйкес ашық, әділ сайлау өткізуді жақтайтын болса, онда бұл - біздің партиямыздың жақтап отырған ұстанымы болып табылады", - деді ол.

Мәулен Әшімбаев Тұңғыш президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сайлауды ашық, әділ және еліміздің заңнамасы негізінде өткізу туралы тапсырмасы бар екендігін еске салды.

"Сол себепті мазмұндық жағынан келер болсақ, сайлаудың әділ өтуіне қарсы болатын адамдар жоқ деуге болады.
Адамдардың қатысуымен, көптеген қала тұрғындарының қатысуымен өтіп жатқан өзге шара барысында жасалған мұндай әрекеттер, тағы да қайталап айтамын, Қазақстан заңына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Егер біз оны ұстанбасақ, онда бұл деструктивті тенденцияның күшеюіне алып келеді. Елдегі белгілі бір теріс тенденция күшейе түседі. Ал бұл ешкімге қажет емес", - деді Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel