RU
Шымкентте бойжеткен үйден жүгіріп шыққан бес жасар баланы қағып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте бойжеткен үйден жүгіріп шыққан бес жасар баланы қағып кеткен

Рассказать Вконтакте

Шымкентте көлік басқарған бойжеткен үй ауласында бес жасар баланы қағып кетті. Куәгерлер балақайды аман алып қалғысы келгенімен, ол аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: bashinform.ru

Көрнекі фото: bashinform.ru

Адам өліміне әкелген оқиға Верхний рынок ауданы Әлімқұлов көшесінде орналасқан №4 үй ауласында болған.

Куәгерлердің айтуынша, "Chevrolet" көлігінде отырған жас қыз көп балалар ойнап жатқан үй ауласымен жүрген. Артынша жүргізуші үйден жүгіріп шыққан балақайды байқамай қалған екен. Ол жылдам тежегішті басқанымен, бүлдіршін көлік астына түсіп кетіпті.

2013 жылы туған бала облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Бөлім меңгерушісі Вячеслав Цайдың айтуынша, ес-түссіз жатқан бүлдіршін бірден жасанды тыныс алу құрылғысына қосылған.

"Бізге қабылдау бөлмесінен баланы агония жағдайында әкеле жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Оның ес-түссіз екенін ескере отырып, бірден жасанды тыныс алу құрылғысына қостық. 25 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын өткіздік, алайда оның жүрек қызметі тоқтады. Оны біздің нейрохирургтар тексеріп, бас сүйек негізі сынғанын анықтады", - деді ол.

Аталған фактіге сәйкес Шымкент Полиция департаментіне сұраныс жіберілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel