RU
БАҚ: Инфаркт алған Икер Касильяс мансабын аяқтамақ
Жаңалықтар Спорт

БАҚ: Инфаркт алған Икер Касильяс мансабын аяқтамақ

Рассказать Вконтакте

"Порту" командасының қақпашысы Икер Касияльяс спорттағы мансабын аяқтауға мәжбүр. Бұл туралы танымал испаниялық кардиолог Хуан Антонио Корбалан мәлімдеді деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Дәрігер испаниялық AS басылымына берген сұқбатында танымал қақпашының алған жүрек талмасы оның мансабына қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Кардиолог маман мұндай жағдайда денсаулықты бірінші орынға қою керектігін алға тартты.

"Ақыр-соңында Икер қәдімгідей өмір сүретін болады. Алайда, спортпен кәсіби деңгейде айналыспайды. Себебі, жүрек қан тамырына қойылған стентпен футбол ойнау мүмкін емес" , - деді Корбалан.

Айта кетейік, Икер Касильяс бірінші мамыр күні таңғы жаттығу кезінде инфаркт алып, ауруханаға жеткізілген. Қақпашыға бірден ота жасалған.

Касильяс "Порту" командасында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Оған дейін спортшы 17 жыл бойы мадридтік "Реалдың" намысын қорғаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel