RU
"Уругвай аруы" байқауының жеңімпазы Мексика өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Уругвай аруы" байқауының жеңімпазы Мексика өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

"Уругвай аруы — 2006" сұлулық байқауының жеңімпазы Фатими Девила мексикалық қонақ үйдің бірінен өлі күйінде табылды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алдын-ала ақпарат бойынша, 31 жастағы модельдің денесін тәртіп сақшылары қонақ үйдің бөлмесіндегі ваннадан тауып алған.

Сондай-ақ, жергілікті прокуратура Фатиманың Мехико қаласына 23 сәуір күні жұмыс туралы сөйлесуге келгенін анықтағаны хабарланды.

Бойжеткен "Уругвай аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы атанған соң, модель болып жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта арудың өлімі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, соңғы уақыттарда өзге елден Мексикаға жұмыс іздеп келіп, жергілікті тұрғындардың қолынан қаза тапқан оқиғалар жиі тіркелуде.
Сіздің реакцияңыз
0
4
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel