RU
"Голос.Детидегі" жанжалдан кейін жобаның шеф-редакторы инфаркт алған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Голос.Детидегі" жанжалдан кейін жобаның шеф-редакторы инфаркт алған

Рассказать Вконтакте

"Голос.Дети" жобасындағы жанжалдан кейін, бірінші арна қызметкерлері жұмыс күнін тыныштандыратын дәрісіз елестете алмайтындай күйге түскен. Олардың мұндай жағдайға тап болуына Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңісі себеп болған. Анықталғандай, телеарнада бұрын-соңды болмаған толассыз тексерістер жүріп жатыр. Тіпті, іске интерполдың серіктесі қосылғаны да хабарлануда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байқаудың алтыншы маусымында Микелла Абрамованың жеңіске жетуіне байланысты, дауыс беру нәтижесін тексеру тағайындалған.

Телевизия шенеуніктері мұндай ауқымды жанжалды жылы жаба салуға болмайтынын ескеріп, қоғамды тыныштандыру үшін тексеріске бекінген. Себебі, ашуға булыққан тыңдармандар күннен-күнге Алсудың қызы жеңісті сатып алғанына одан бетер сенімді болуда.

Егерде дауыстарды заңсыз жолмен жинау мен сатып алу дәлелденсе, біреу орнынан кетіп, үлкен жанжал орын алатынын сөзсіз.

"Голос.Детиде" болған даулы жағдайды бағдарламаның шеф-редакторы әрі арнаның музыкалық және сауықтыру дирекция басшысының орынбасары Александр Подъяпольский жүрегіне жақын қабылдаған. Ер адам аяқ асты инфаркт алып, ауруханаға түскен.

Бұл туралы оның әйелі Алена Бородина Instagram желісінде бөліскен.

"Құрметті ерлер қауымы! Әйеліңіз бен бала-шағаңыз сіздерге қаншалықты мұқтаж екенің сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сіздер отбасыларыңызға аса қажетсіздер" , - деп жазған Алена.

Айта кетейік, Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейн сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды. Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалардың барлығы әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

Айта кетейік, "Голос.Дети" музыкалық жобасының финалында жеңіліс тапқан жас таланаттарға Алла Пугачева да қолдау білдіріп, өнерпаздарға ерекше сыйлық табыстады. Олардың арасында Ержан Максим де бар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel