RU
Алсудың келіні алғаш рет "Голос.Дети" байқауындағы дауға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алсудың келіні алғаш рет "Голос.Дети" байқауындағы дауға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Ресейлік әнші Алсудың отбасы "Голос.Дети" байқауында қызы әділетсіз жолмен жеңіске жетті деген толлассыз сынға пікір білдірмей әлі де үнсіздік сақтап келді. Алайда, көпшіліктің сынынан әбден мезі болса керек, әншінің келіні жұлдызды жанұядан алғашқы болып даулы оқиғаға қатысты өз ойын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әншінің Ренард атты інісіне тұрмысқа шыққан Залина есімді келіншек Микелланың шығармашылығына өте жоғары баға берген.

Ол елден сынына қалған әнші қызға қолдау білдіріп, өзінің Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырған.

"Голос.Дети" байқауындағы жеңімпазға бағытталған керағар пікірлерге қатысты мәлімдеме жасағым келіп отыр. Әрине, Микелланы қатты жақсы көремін. Оны тек жарқын, еңбекқор, көңілді және тапқыр қыз ретінде ғана білемін. Оған танымал бағдарламаға қатысып, неше жыл бойы көрсетпей жүрген талантын паш етуге таптырмас мүмкіндік бұйырды. Музыка бұл баланың қанында бар. Ол қайда жүрсе де әрдайым әндетіп жүреді. Оның даусы зор әрі тамаша.
Халайық, анасы әнші болғандықтан ғана он жасар баланың жеңісін сынап, оны сөгу мүлде адамгершілікке жатпайды.
Әрқайсымыз да ата-анамыз немесе болашақ ата-анамыз, сол себепті сіздерді сабырға шақырамын. Егер керағар пікірлер сіздің балаңызға айтылса, қайтер едіңіз? Біз бүлдіршінді жеңісі үшін сынаудың орнына, өскелең ұрпаққа мақтауға тұрарлық үлгі көрсетуіміз керек. Мики, туған күніңмен. Саған бұдан да көп жеңіс тілеймін" , - деп жазды Залина Сафина.

Айта кетейік, қазақстандық Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейн сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды. Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалардың барлығы әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

Айта кетейік, "Голос.Дети" музыкалық жобасының финалында жеңіліс тапқан жас таланаттарға Алла Пугачева да қолдау білдіріп, өнерпаздарға ерекше сыйлық табыстады. Олардың арасында Ержан Максим де бар.

Сіздің реакцияңыз
10
1
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel