RU
"Босқа шашыламыз": Той жасамауды ұйғарған күйеу жігіт енесін ренжітіп алды
Жаңалықтар Қоғам

"Босқа шашыламыз": Той жасамауды ұйғарған күйеу жігіт енесін ренжітіп алды

Рассказать Вконтакте

Екі жыл бұрын бір ай сөйлескен жігітімен отау құрып, екі айдан соң айырылысып кеткен ару бүгінде басқа жігіт кездестірген. Алғашқы некесінде той-думансыз ақ босаға аттанған бойжеткеннің анасы бұл жолы қызының тойын асыға күткен екен. Алайда, қазіргі қосағы да той жасауды артық шығынға балап отырған көрінеді деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: afisha.ntsk.ru

Көрнекі фото: afisha.ntsk.ru

Бойжеткен қазіргі жұбайымен оның анасы таныстырғанын айтады.

"Ажырасқалы біраз уақыт өткен соң басқа жігітке жолықтым. Нақтырақ айтқанда, оның анасымен бірінші танысып, жақсы араласып кеттік. Ол мені жақын тартып, өзінің ұлымен таныстырды. Ұлы да мен сияқты екі ай тұрып, ажырасып кеткен екен. Екеуміз бір-бірімізді жақсы түсіндік", - деп бастады ару әңгімесін.

Бикештің сөзінше, алғашында ата-анасы онымен кездесіп жүргенін қарсы болмаған.

"Ұзатуға жақын қалғанда мамам оларға қызымды бермеймін, салт-дәстүрді білмейтін адамдар, той жасамайды, адамдармен араласа алмайтын жанұя деп қырсығып қалды. Ең болмағанда бір қызымның тойы болғанын қалаймын дейді анам.
Жігіттің айтуынша, тойға босқа шашыламыз, одан да сол ақшаны басқа керегімізге жұмсайық дейді. Ол жігіт менен үлкендеу, мені түсінеді. Енді басым қатты, егер  жігітті таңдасам, анаммен араласудан қаламын, ал үй-ішімді таңдасам, өзімді түсінетін, ұзақ уақыт іздеген адамымнан айырыламын", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel