RU
ОСК Садыбек Түгелді президенттікке үміткер ретінде ресми түрде тіркеді
Жаңалықтар Саясат және экономика

ОСК Садыбек Түгелді президенттікке үміткер ретінде ресми түрде тіркеді

Рассказать Вконтакте

Орталық сайлау комиссиясы Садыбек Түгелді Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер ретінде ресми түрде тіркеді деп жазады ұйым хабарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Хабар 24

Фото: Хабар 24

Орталық сайлау комиссиясы Қаулы етті:

1. Сәді-Бек Түгел Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін.

2. Сәді-Бек Түгелге Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін.

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Сәді-Бек Түгелдің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі Сәді-Бек Түгелдің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel