RU
Алматы облысында мәслихат депутаты 200 мың доллар пара алды деп күдіктелуде

Алматы облысында мәслихат депутаты 200 мың доллар пара алды деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында мәслихат депутаты 200 мың доллар пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы МҚІСЖҚІА брифингінде айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: finance.bigmir.net

Көрнекі фото: finance.bigmir.net

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның Алматы облыстық департаменті Талғар аудандық мәслихат депутаты- аталған ауданның жер комиссиясы мүшесіне қатысты пара алу фактісін анықтады.
"Ол Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінде орналасқан, көлемі 12 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін азаматтан 200 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктелуде", - деп мәлімдеді МҚІСЖҚІА-да.

Валюта бағамы бойынша 200 мың доллар 76 млн теңгеге тең.

Күдікті сот шешімі бойынша қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel