RU
Алты баласы бар Жанатбек Бәйтеков 21 мың теңгеден үмітті екенін жасырмады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алты баласы бар Жанатбек Бәйтеков 21 мың теңгеден үмітті екенін жасырмады

Рассказать Вконтакте

Биылғы жылдың сәуір айында алтыншы баласы өмірге келген Жанатбек Бәйтеков жәрдемақы мәселесі толғандырып жүргенін жасырмады. Әзілкеш көп балалы отбасыларға берілетін 21 мың теңгені алу үшін көп құжат дайындау керектігін айтты деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жанатбек Бәйтековтің айтуынша, оның жұбайы қазіргі уақытта құжаттарды реттеу үстінде екен.

"Жұбайымнан сұраймын. Ол кісі құжаттарды апарып, бірнәрсе істеп жүрді. Мен білмеймін. Естідім 21 000-нан қылады деп. Бірақ сол қағазы көп екен. Қайтадан қағаз кеміруге көшеміз бе деп. Енді берсе құба-құп. 21 000-нан емес, бізге әр балаға 210 мыңнан, 2 млн 100 мыңнан немесе 2 млн 111 мыңнан берсе де жарасады ғой", - дейді өнер иесі.

Айта кетейік, Жанатбек Бәйтеков жұбайымен бірге бүгінде үш қыз бен үш ұлды тәрбилеп отыр.

Сіздің реакцияңыз
4
2
1
0
3
25
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel